Қызылорда «қызыл» аймақта

502

0

Бейсенбіден бері өңір коронавирустан «қызыл» аймақта тұр. 14 қаңтардағы мәлімет бойынша бір тәулікте 318 жағдай тіркелді. Мұны мамандар антирекордтық көрсеткіш деп атауда.  Ал жаңа жылдың 13 күнінде жалпы 911 адамнан ауру анықталған. Осылайша 2020 жылдан бері коронавирус инфекциясымен  тіркелген науқастар саны  20 345-ке жетіп отыр.

Бір тәулікте тіркелген 318 жағдайдың 177-сі – симптомды, 141-і – симптомсыз. Анықталғандардың 60-ы инфекциялық стационарда, 258-і үй жағдайында бақылауда. Облыс бойынша инфекциялық стационарда 158 науқас, реанимациялық төсек-орында 8 науқас ем қабылдауда.

14 қаңтарда коронавирус инфекциясынан 8 науқас емделіп шықты. Жалпы емделіп шыққандар саны – 18981, яғни,  93%.

Коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыстағы 56729 адамның 53981-і тікелей, 2748-і ықтимал қарым-қатынаста болған.

Зертханаларға 1248 сынама тапсырылып, тексерілген. Қалдық тест саны – 33443. Жалпы эпидмаусым басталғалы бері 589954 сынама алынған.

Ал 14 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр. «Сары» аймақта  Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары орналасса, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта. Коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 418 жағдай тіркелді. Осы орайда мамандар тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтауды, вакцина салдыру қажеттігін ескертуде. Сонымен қатар, көпшілік орындарға бармауға шақырады. 

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<