Сақтыққа салғырт қарамайық!

810

0

Коронавирус бәрімізге оңай тиген жоқ. Мұндай жайт елімізде бұрын соңды орын алмағандықтан халық арасында сенімсіздік пайда болды. Түрлі болжам жасалды, қауесет таралды. Ендігі кезеңде біз саналы түрде сақтануды қолға алауымыз керек, жауапкершілік артса, медицина қызметкерлеріне де оңай тиетінін ұмытпайық.

Ең бастысы, көпшілік орындарда қауіпсіздікті естен шығармау, бетперде тағу, антисептикалық құралдарды пайдалану, өз денсаулығымызға мұқият болу маңызды. Қазақылыққа салынып, «Құдай жар болсын!» дегеннен мәселе шешілмейді, қандай да бір белгі байқалса, жұмыс орнына баруды, көпшілік шоғырланатын жерге баруды тоқтату керек.

Мен өзім осы дертті ең алғашқылардың бірі болып басымнан өткердім. Өте ауыр түрде өтті, өлім мен өмір арасындағы күресте жанталастым. Дерттің өзінің бетін қайтарғанымен, оның салдары әлі де ағзамда сезіледі. Арагідік әлсіздік, демікпе, ұмытшақтық деген секілді салдарынан әлі де қалыпқа келуді жалғастырып жатырмын. Сақтыққа салғырт болмайық! Аман болайық, еліміз түгел, жақындарымыз аман болсын!

Раушан БАЗАРБАЙ,

кәсіпкер,

«Q-med» медицина орталығының бас  директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<