Артық салмақ қосудың әдістері

653

0

«Артық салмақ қалай қосамын?» деген сұрақпен көптеген жанның басы қатады. Салмақ арттырғысы келетін арулар да жетіп жатыр.

Арық болудың себептері:

– Күйзелісте жүрген адамның ағзасы дұрыс қызмет атқара алмайды. Жүйкені мейлінше сақтау қажет.

– Өзіне көңілі толмауынан адам тола алмайды.

– Уайымдағыш болмаңыз. Қайғы адамды барлық жағынан толыққанды қалыптасуға мүмкіндік бермейді.

– Көп қимылдағыш жандардың да салмақ қосуы қиындау.

– Көп жағдайда дәруменнің жетіспеушілігінен осындай жағдайға тап болады. Ағзаңыз шаршағыш болып, депрессияға тез берілетін боласыз.

– Артық салмақ болмауы тұқымқуалаушылықтың да әсері.

Әлемдегі ең арық әйел 24 жасар Лиззи Веласкестің салмағы бар болғаны 25 келі. Бойы 152 см. Мамандар 20 минут сайын тамақ ішуі керектігін айтады.

Дұрыс тамақтану:

Артық салмақ жинау дұрыс тамақтанумен тікелей байланысты. Әсіресе құнарлы астың алар орны ерекше. Дегенмен салмақ қосқылары келетін қыз-келіншектердің барлығы бір қателік жіберіп жатады. Ал ол қателік – «Не болса да көбірек жесем болды» деген теріс ұғым. Мұндай принциппен тамақтанудың еш пайдасы жоқ. Керісінше зияны көп. Сондықтан құнарлы ас ішіп, дәруменге бай тағам жеген дұрыс.

Спортты естен шығармаңыз:

Спортпен айналысу денсаулық пен сұлулық үшін өте пайдалы. Түрлі жаттығулар салмақ қосқысы келетіндер үшін де маңызды. Бұлшықетке күш қосатын жаттығуларға көбірек көңіл бөлу керек. Десе де көп қозғалысқа түсіп бойыңыздағы каллорияны жойып жіберуге болмайтынын ескеріңіз.

Жүйкеңізді жұқартпаңыз:

Уайым-қайғы мен күйзеліс кез келген жанды жүдетіп жібереді. Сондықтан әркез көңіліңіз тоқ болсын. Үнемі жайдары жүріп, тек жақсылыққа ұмтылыңыз.  Егер олай болмаса мықты диетологтардың кеңесі де жарамсыз болып қалады.

Толғысы келетін жандар үшін ас мәзірі

Таңғы ас:

Сұлы немесе тары ботқасы;

жеміс қосылған сүзбе және тәтті қара шай.

Екінші таңғы ас:

бір стақан шырын және зәйтүн майы қосылған авокадо салаты;

май немесе ірімшік қосылған нан.

Түскі ас:

көк салат;

ет немесе балық сорпасында дайындалған кез келген көже;

қыздырылып пісірілген қой еті;

десерт.

Бесіндік:

сүтке пісірілген омлет;

майлы сүт қосылған кофе.

Кешкі ас:

майлы балық;

күріш пен көкөніс салаты.

Ұйықтар алдында:

бір стақан сүт.

Massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<