Боксшы Әли Ахмедов Голливудта өнер көрсетеді

308

0

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің рингке қашан оралатыны ресми жарияланды. 8 тамыз күні Әли Ахмедов Голливудта (Калифорния, АҚШ) өтетін Hollywood Fight Night бокс кешінде өнер көрсетеді, – деп хабарлайды inform.kz.
Қазақстандық боксшы танымал Avalon Hollywood түнгі клубындағы рингте 8 раундтық жекпе-жек өткізеді. Ахмедовтің алдағы жекпе-жегі туралы Том Леффлердің 360 promotions промоутерлік компаниясы мәлімдеді. Әли Ахмедов соңғы рет 30 желтоқсанда Алматыдағы бокс кешінде әзербайжандық боксшы Эсмат Эйнуллаевпен жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын. Содан кейін Ахмедов Абель Санчестің «Big Bear» бокс лагеріне барып, келесі жекпе-жегіне дайындалған әрі Геннадий Головкинге спарринг қарсылас болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<