
– Бізге бас жаттықтырушының қызметінен бас тартуға тура келді. Оның алдағы жұмысына сәттілік пен табыс тілейміз, – деді Луис Рубиалес. Федерация жаттықтырушыны әлем чемпионаты аяқталғанша қызметінде алып қалуға тырысқанмен, команда капитаны Серхио Рамос бастаған бірнеше ойыншылар кетуін талап еткен. Хуан Лопетеги күні кеше ғана Мадридтің «Реал» клубын жаттықтыратыны белгілі болған еді. Үш маусымға келісімшартқа қол қойған-ды. Жаттықтырушының бұл шешімі Испания футбол федерациясы басшыларының ашуын тудырған. Ол Испания құрамасымен де келісімшартын ұзартқанына 3 апта ғана уақыт болған еді. Испания құрамасы «В» тобында Марокко, Португалия және Иран құрамаларымен кездеседі. Екі күннен кейін команданы Португалиямен өтетін алғашқы ойын күтіп тұр. Оған дейін жаңа жаттықтырушы тағайындалса керек.