«Қайсар» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

1056

0

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімімен Жұмахметов Жағыппар Насрадинұлы «Қайсар» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды.

Жағыппар Насрадинұлы 1961 жылы 21 наурызда Арал қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1978-1983 жылдары Қазақстан политехникалық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы Ақтөбе облысында «ЗапКазГеология» бірлестігінде бұрғылау шеберінен бастап, бас инженер лауазымына дейін көтерілген.

1991-1999 жылдары «ЮЖ Нефтегаз» компаниясында инженер, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметін атқарған.1999-2005 жылдары Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары;2005-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы;2009-2010 жылдары ОҚО Төтенше жағдайлар басқармасы басшысының бірінші орынбасары;

2010-2012 жылдары «ҚазГерМұнай» АҚ-ның департамент басшысы;2012-2014 жылдары «Тұран» барлау мұнай компаниясы бас директорының орынбасары;2014-2016 жылдары Өрт сөндіруші АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының директоры;2017 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін «Қызылорда аз тонналық мұнай өңдеу зауытының» техникалық директоры қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 4 бала тәрбилеп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<