Спартакиададан жүлделі орындарды иеленді

460

0

  29-30 маусымда Маңғыстау облысында ҚР Судьялар одағының IХ спартакиадасының аймақтық жарыстары өткен болатын.

Тартысты сайысқа Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облысы соттары судьяларының құрама командалары қатысып, ерлер шағын футбол, волейбол, теннис, бильярдтан сынға түссе, ерлер мен әйелдер үстел теннисі, шахмат және дойбыдан бақ сынасты.

Жалпы ойын қорытындысы бойынша Қызылорда облысы соттарының судьялары жүлделі І орынды теннистен, ІІ орынды бильярд, шахматтан және ІV орынды шағын футболдан иеленді. Жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен медальдар, дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.


Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<