Данияр Ақышев алғаш рет «блокчейн» технологиясы қолданылған Invest Online инновациялық өнімінің іске қосылғаны туралы хабарлады

533

0

Бүгін Ұлттық Банк жаңа технологиялық өнім – Invest Online жүйесін іске қосты. Осы арнайы әзір­ленген мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, қазақ­стандықтар онлайн режимде ҚР ҰБ ноттарына, оның ішінде аздаған сомаға қаражат инвестиция­лай алады.

Бұл туралы бүгін Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев Алматыдағы арнайы брифингте Invest Online жүйесін таныстыру кезінде айтып өтті.

«Жүйе тәулік бойы жұмыс істейді, еш­қандай комиссиялар мен салықтар жоқ, бар­лық операциялар ашық және тегін. Бұл бағалы қағаздар абсолютті өтімді – оларды күн сайын есептелетін кепілді кіріс ала отырып, кез келген сәтте кері сатуға болады», – деп атап өтті ­    Д.Ақышев.

Ол Invest Online жүйесінің жұмысы негізінде үш инновациялық шешім қолданылғанын ерекше атап өтті.

Біріншіден, алғаш рет мемлекеттік деңгейде «блокчейн» технологиясы қолданылды. Яғни, әрбір транзакция бөлінген тізілім түріндегі ажырамайтын блоктар тізбегіне жазылады, бұл ақпараттың сақ­талуын және өзгермеуін қамтамасыз етеді. Екін­шіден, Қазақстан Ұлттық Банкі алғаш рет бағалы қағаздармен операциялар бойынша есеп айырысу үшін қолданылатын электрондық ақшаны шығарды. Үшіншіден, барлық операция­лар электрондық құрылғыларда онлайн түрінде қолжетімді.

«Бұл жүйе өзінің ауқымды техно­ло­гиялық мүм­кіндіктерінің арқасында Ұлт­тық Банктің бағалы қағаздарымен ғана емес, сол сияқты IPO-ға шығуды жос­пар­лап отырған, оның ішінде халықтың ақшасын тарта отырып шығуды жоспарлап отырған ірі қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздарымен жұмыс істеуге мүм­кіндік береді. Болашақта Invest Online – кез келген бағалы қағаздармен жұмыс істеуге арналған ыңғайлы және қауіпсіз алаң, оны бүкіл қазақстандықтар пайдалана алады», – деп жоспарларымен бөлісті қаржы реттеушісінің басшысы.

«Қысқа мерзімді ноттардың ­эмиссиясы ағым­дағы жылғы 27 наурыздан бастап іске қосылады. Эмис­сияның жалпы көлемі 50 млрд. теңгені құрайды. Осы бағалы қағаздар бойынша кірістілік мөлшерлемесі жылдық 8,5%-ды құрайды. Бұл ағымдағы күні Сіз нотты бір жылдан кейін 100 теңгеге сата отырып, 92 теңге 19 тиынға сатып ала аласыз, – деді Д. Ақышев. – Кіріс күн сайын есептелетініне Сіздердің назарларыңызды қайта аударамыз. Сіздер кез келген уақытта есептелген соманы алып, ноттарды сата аласыздар. Кірістің есептелу процесін Invest Online жүйесіндегі жеке кабинет арқылы мониторинг жүргізуге болады».

Қазіргі кезде Invest Online арнайы мобильдік қосымшасы Play Market-те қолжетімді, ал App Store-ден жүктеу жақын арада мүмкін болады. Мобильдік қосымшаны жүктеп, жүйеде ыңғайлы тәсілмен тіркеле отырып, қысқа мерзімді ноттарды сатып алу рәсімін бастауға болады.

«ХҚО-да алынатын ЭЦҚ-ты пайдалана отырып не «БЖЗҚ» АҚ жеке кабинеті арқылы тіркелуге болады. Сондай-ақ, егер сізде шот болса, Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде тіркеледі. Бұл жағдайда, шоттың нөмірін енгізген жеткілікті болады», – деп қорыта келе қаржы реттеушісінің басшысы атап өтті.

Invest Online қосымшасының жұмысы бойынша консультацияны 8 800 080 86 68 телефоны, элек­трондық пошта: investonline@csd.kz бойынша тәулік бойы техникалық қолдау желісі бойынша өтініш жасай отырып алуға болады.

Қосымшаның жұмысы жөніндегі түсіндірмені NBK Online Ұлттық Банкінің Invest Online мобильді қосымшаның арнайы бөлімінде алуға да болады.

Толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:

8 800 080 86 68   e-mail: press@nationalbank.kz     www.nationalbank.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<