Қазақстанда доллар арзандады

1291

0

Қазақстанның қор биржасындағы (KASE) доллардың теңгеге шаққандағы бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның қор биржасындағы таңғы сауда-саттық 4 ақпан кешкімен салыстырғанда 0,65 теңгеге – долларына 421,33 теңгеге дейін арзандаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми курсы 3 ақпанда долларына 421,99 теңге болып тұр. Айта кетейік, биржадағы сауда қорытындысы бойынша теңгенің құны артып келе жатыр. Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, Алматыдағы айырбастау орындарында долларды 420,56 теңгеге сатып алып, 422,12 теңгеден сатып жатыр. Нұр-Сұлтанда бұл көрсеткіштер 420,95 және 422,04 болып тұр.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<