Қызылорда облысының экономикасын әртараптандыру шаралары қабылданады

1374

0

Қызылорда облысының экономикасын әртараптандыру бойынша шаралар қабылданады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлік саясат саласында Қызылорда облысының экономикасын әртараптандыру бойынша шаралар қабылданады. Осы орайда Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары өзектендіріледі. Жоспарға өңір экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыру жөніндегі шаралар енгізіледі», – деді министр.

Сонымен қатар Әсет Ерғалиев мүдделі мемлекеттік органдардар мен Павлодар облысы әкімдігінің қатысуымен Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспары әзірленетіндігін айтты.

«Кешенді жоспарлы Павлодар облыстық мәслихаты осы жылдың қыркүйегінде бекітеді», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<