Тағы бір талантты таныдық

199

0

Шиелі аудандық мәдениет үйінде ақын Бекзат Сәдібекұлының «Ана, сендей ешкімді сүйгенім жоқ» деп аталатын шығармашылық кеші және осылай аталатын жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

Шығармашылыққа жаны құмар шиеліліктер көрермен залына лық толды. Әдеби айналымда әлі аты танылмаған ақынның туған жердегі беделін осы көріністен-ақ байқадық.

Себебі кештің бастауы мен жабылуындағы ақын сөзі­не жазылған «Ақ ордам – Шиелімсің» әні Шиелінің әнұранына айналып кеткендей туынды екен.

Кештің шымылдығын ау­дан әкімінің орынбасары Болат Смағұлов ашып берді. Мұ­нан соң белгілі өнер өкіл­дері – оралдық ақын Асан­те­мір Қаршыға, жерлес­теріміз Серік Ыдырысов, Дүй­сен­бек Аяшұлы, Жетес Жол­дас­баев, Серік Әлшоразаев, т.б. сөз сөй­леп, жаңа кітаптың көк же­­легін қиды.

Бұл шараны өлең тойына айналды десе де бола­ды. Кеште ақын сөзіне жа­зыл­ған Үкітай Ерниязов, Жомарт Ахметов, Жарасхан Тө­лебай секілді жергілікті ком­позиторлардың бірнеше жаңа әндерінің де тұсауы кесіліп, шырқалды.

Ақын мұндай тамаша өнер салтанатын өткізу үшін құзырлы орындарға қолқа сал­маған, оны ұйымдастырып, қар­жылық көмек көрсетуге Үкі­тай Ерниязов, Әлфараби Бекарысұлы, Құрманбек Бо­ранбаев, Нұрбол Самат се­кілді достары, өнер жанашырлары қолұшын беріпті.

Осы күні жұртшылық Шие­­ліде тағы бір талантты ақын­­ның жүргенін таныды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<