Қызылордалық әже \»Шалым – менің қаракөз сүйгенім\» деп ән салды (видео)

581

0

«Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев Instagram желісіндегі парақшасында қариялардың видеосын бөлісті. Көпшілік оны көріп отырып ерекше сүйсінгенін жазып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Әйелдің жәннаты – оның күйеуі» деген хадисті ту қылып ұстаған апалар ғой. Алла риза болсын әжемізге. Атамның көңілін бір көтеріп тастады», – дейді әнші.
«Шалым – менің қаракөз сүйгенім» деп әндетеді әже видеода. Көпшілік бұл көрініске қарап сүйсінгенін жазып жатыр.
«Атам мен апам аман болсын. Жасын бізге берсін», «Біздерге жұғысты болсын», «Бұл – Қызылорданың Шиелі ауданының тұрғындары. Мекке Мадинаға барып келген Таубаевтар әулеті. Менің түп нағашым», «Ғұмырлы болсын», «Қарап отырғын көз сүйсінеді екен», «Қалай күшті өздері» деп жазды желі қолданушылары.

​​​

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<