94 нысан мобильді қосымшаға қосылды

500

0

Өткен жылы пандемияға байланысты кәсіпкерлердің бизнесі тоқтап, біраз адам жұмыссыз қалған болатын. Осыған орай, биыл республика бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылды. Жоба күн өткен сайын қажеттілігін көрсетуде.

– Облыс бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасына қосылатын 510 нысан анықталды. Бүгінде 94-і іске қосылған. Оның 84-і Қызылорда қаласында, 3-і Шиелі ауданында, 2-і Қазалы ауданында, 1-і Арал ауда­нында, 1-і Қармақшы ауданында және 3-і Жалағаш ауданында, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасы дирек­торының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.

Соңғы аптада «Ashyq» қосым­шасында екі рет ақау шықты. Оның басты себебі – вакцина салдырғандар тізімінің қайта толықтырылуы. Бағдарламаның кедер­гісіз жұмыс жасауы үшін «kaspi bank», «‎Halyk bank» және «egov» қосымшаларының ішіне қосу жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<