5 қаңтар – халықаралық Нутелла күні

951

0

         2007 жылдан бері жыл сайын 5 ақпанда халықаралық Нутелла күні  (World Nutella Day) аталып өтіледі. Әрине, оны әсіресе Италияда ерекше тойлайды.  «Nutella» – шоколадтың әлемдегі ең танымал түрі.

         Италияның Альба қаласында Фарреро әулеті өмір сүріп жатты. Әулет басшысы Пьетроның әке-шешесінен қалған кішкентай нан дүкені болатын. Ол оны кейінірек шағын наубайханаға айналдырып, тәттілер шығара бастайды. Олардың қатарында «Джандуйо» деп аталатын жұмсақ бөлішке де болды. Оның дәмін келтіріп тұратын какао майы мен үгітілген орман жаңғағы еді. Бұл өнім көпшіліктің көңілінен шығып жүрген соң бір мереке қарсаңында қала мэриясынан осындай тәттілерді көп мөлшерде дайындау туралы тапсырыс түседі. Тапсырысты орындау мақсатында бүкіл отбасы мүшелері түнімен жұмыс істеп шықты. Оның алғашқы партиясын жіберейін деп жатқан сәтте олар естерінен тана жаздайды. Күннің ыстықтығынан барлық батончиктер еріп кетіпті. Масқара! Фиаско!

         Сол кезде Пьетроның басына  бір ой сап ете қалады. Ол әйеліне бөлішкелерді жұқалап кесіп қоя беруді тапсырып, өзі олардың бетіне еріген майды жағып шығады. Оның нәтижесі сұмдық болды. Мерекеге жиналған халыққа бұл тәттілер ерекше ұнағаны сонша олар тағы да сұрайды.

         Бір айдан кейін, дәлірек айтқанда 1946 жылдың ақпанында «Джандуйо» пастасы бүкіл Италияны жаулап алды. Иә, айтпақшы, Ферреро әулеті ыстық күннен қорыққандықтан «Рафаэлло» кәмпитін ойлап шығарады. Онда еріп кететін ештеңе жоқ.

         1951 жылы «Джандуйо» пастасының аты  «Суперкрем» деп өзгертіліп, алғаш рет шыны банкіге салынып сатыла бастайды.  Ал 1963 жылы бұл өнім қазіргі «Nutella» деген атауға ие болады. «Nut» – жаңғақ деген сөз болса,»ella» –  Италия әйелдері есімінің соңғы жалғауы.  Келесі жылы бұл өнім бүкіл Еуропаны жаулап алды, көп ұзамай бүкіл әлем халқы ұнатқан тәттіге айналды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<