АҚШ дәрігерлері алғаш рет бет пен қол трансплантациясын жасады

765

0

АҚШ-та алғаш рет ер адамның бет-жүзін және қолының білектерін қайта қалпына келтіруге бағытталған операция сәтті өтті. Оны Нью-Йорк дәрігерлері 2018 жылы жол-көлік апатына түскен 22 жастағы Джо Димеоға жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Үш жыл бұрынғы оқиға кезінде жас жігіттің көлігі өртеніп, денесінің 80 проценті күйік шалған. Саусақтары кесіліп, бет-әлпетінің біразы күйіп қалған. Апаттан кейін Димеоға 20-ға жуық операция жасалды. Ал соңғы операция 23 сағатқа созылып, шараға 140 дәрігер қатысты.

Айта кетейік, әлемде бұған дейін осындай 2 операция жасалған. Бірақ олар сәтсіз аяқталған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<