ДДСҰ басшысы жаңа вирустың пайда болатынын ескертті

249

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы келесі індетке дайын болу үшін қазіргі пандемиядан сабақ алу қажет деп санайды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус тоқтату мүмкін болмайтын жаңа вирустың пайда болатынын ескертті, деп хабарлайды РИА Новости.

«Биологиялық көзқарас тұрғысынан, бір күні басқа вирустың пайда болатыны күмәнсіз. Біз оны тоқтатуға қауқарсыз боламыз», – деп мәлімдеді ол «Үлкен жиырмалық» елдерінің денсаулық сақтау және қаржы министрлерінің кездесуінде.

ДДСҰ басшысы келесі індетке дайын болу үшін қазіргі пандемиядан сабақ алу қажет деп санайды.

Гебрейесус әлемдік қауымдастыққа «күшейтілген» ДДСҰ қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ пандемиялармен күресу үшін жаңа қаржылық тетік және қазіргіден де тиімді басқару қажет. Ол үшін денсаулық саласындағы қауіп-қатерлерге қарсы күресті қаржыландыру кеңесін құрып, пандемиялармен күрес туралы келісім бекіту керек.

Бұған дейін Гебрейесус егер адамзат қаласа, коронавирус пандемиясы тоқтайтынын мәлімдеген еді. Оның пікірінше, жыл соңына дейін әр елде халықтың кемінде 40%-ін вакциналау мақсатына қолжеткізуге болады. Бұл үшін мемлекеттер мен компаниялар өз мәлімдемесіне сай әрекет етуге тиіс. Ол өз көздегеніне жеткен елдерді, соның ішінде «Үлкен жиырмалық» мемлекеттерін халықаралық COVAX механизмі мен африкалық Avat қорына басымдық беруге үндеді.

sputnik.kz