«Президент ақшамның жартысын ұрлап алған»

438

1

Бала кезіңізде хат жазушы ма едіңіз? Ең қызық деп танитыныңыз бар ма?

Алты жасар Хельга Хилтунен есімді фин қызы Рождество қарсаңында Құдайға хат жазыпты. Хатында 100 марка сыйға таруын сұраған екен. Финляндияда мекенжайы қате көрсетілген хатты ашу құқығы тек ел президентіне берілген. Сөйтіп, «Құдай мырзаға» деп жазылған хат сол кезде ел тізгінін ұстап отырған президент Урхо Калева Кекконенге (1958-1982 жж. басқарған) жеткен. 

Кекконен қыздың өтінішін орындауды жөн санап, алайда «мұндай жастағы балаға жартысы да жетеді» деп 50 марка сыйламақ болыпты. Ол Хельгаға ақшаны өз көлігімен барып, табыстауды құп көреді.

Кейін канцелярияға Хельгадан тағы хат келіпті. Хатта президенттің көлігіне бүкіл көше қарап тұрғанын жазыпты. Сонымен қатар, Құдайдан ендігәрі ақшаны президент арқылы беріп жібермеуін сұрапты, себебі «тілеген сомамның жартысын президент ұрлап алды» деген екен.

«Бала тілі – бал» деген…

Г.ЖАРҚЫНБЕКҚЫЗЫ

Пікірлер:

Пікір жазыңыз