Президент көшеде тамақтануға мәжбүр болды

404

0

Бразилия Президенті Джаир Болсонаро COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алмағанына байланысты Нью-Йорктегі мейрамханаға кіре алмады. Бұл туралы Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы АҚШ-қа БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысу үшін келген. Ұйымның ғимаратына кіру үшін вакцинация туралы растаманың болуы міндетті емес. Бірақ Нью-Йоркте вакцинасыз қоғамдық тамақтану орындарына баруға тыйым салынған. 

Бұған дейін Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио қалаға келетін әлемдік көшбасшыларды сапар алдында екпе жасатуға үндеген. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те дәл осындай мәлімдеме жасаған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<