Трамп «ТикТокқа» тыйым салды

812

0

АҚШ президенті Дональд Трамп «ТикТок» бағдарламасын ел аумағында қолдануға тыйым салатынын мәлімдеді.

Ақ үй басшысының сөзіне сүйенсек, аталған қытайлық бағдарлама тұрғындардың жеке мәліметіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ ол «Майкрософт» компаниясының «ТикТокты» сатып алуға ниет білдіргеніне де назар аударған жоқ.

«ТикТок мәселесіне келсек, біз оны АҚШ ау­ма­ғында қолдануға тыйым салмақпыз», деп мәлімдеген Д.Трамп.

CNN арнасының хабарлауынша, Ақ үй бас­шы­сы бағдарламаны жабу үшін төтенше жағдай кезіндегі экономикалық мәселедегі құзыретін пай­даланбақ. Ресми Вашингтон аталған бағдар­ла­маны қолданушылар деректерін Қытай билігіне беріп отырғанын алға тартады. Сондай-ақ жеке мәліметтерінің сақталу қауіпсіздігіне, демократиялық емес Қытай үкіметінің оны түрлі мақсатта пайдалану ықтималдығына алаңдайды. «ТикТок» түрлі эффектілермен әрленген 15-60 секундтық шағын видеоны бөлісуге арналған әлеуметтік желі. Ол алғаш 2016 жылы Douyin деген атаумен Қытайда таралған. Кейіннен сыртқы нарыққа шығып, 2018 жылы Muscial.ly компаниясымен қосылған соң оны қолданушылар саны арта түсті. Қазіргі таңда «ТикТоктың» 1,5 миллиардқа жуық қолданушысы бар.

Egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<