Аптап ыстық: ТЖМ далаға шықпауға кеңес береді

555

0

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде таяу күндері қатты ыстық күтіледі. Аптапқа байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қатты ыстықта қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 шілдеде күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус ыстық болады. Өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар, ТЖМ азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларына сақтауға шақырады. Әдетте, табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқыны, құрғақ шөптің жағу, найзағай болып табылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<