Бала бақылаусыз болмасын

645

0

Балаларды қорғау күніне және “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн” ұлттық ақпараттық науқанына орай өңірлік коммуникациялар қызметінде сала мамандарының қатысуымен брифинг өтті.

Облыстық білім басқарма­сы басшысының орынбасары Б.Бердәулетов, облыстық бі­лім саласында сапаны қамта­­масыз ету департаменті бас­­шы­сының орынбасары А.Мыр­­зағалиева және облыс­тық еңбек саласындағы ба­қылау басқармасының бөлім басшысы Н.Жапақов балалар­дың құқығын қорғау және қа­уіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Білім басқармасы басшысы орынбасарының  айтуынша, қа­­зіргі пандемия жағдайында балалардың қауіпсіздігін сақ­тай отырып, 20 мамыр-12 мау­сым аралығында “Ба­қыт­ты бала – бақытты ел” та­қырыбында бірқатар мере­ке­лік шаралар өтеді. Оның ішінде “Жаңа күн – жаңа тұлға” бағдарламасында жетіс­тікке жеткен балалармен кез­десулер ұйымдастырылады. Жазғы демалыс кезінде ба­ла­лардың қауіпсіздігін сақ­тау мақсатында білім басқар­масы, облыстық полиция депар­та­ментінің жергілікті полиция қызметі, еңбек саласындағы бақылау басқармасы және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, тұрақты рейдтік ша­ралар ұйымдастырылуда.

Биыл жазғы демалыс уақы­тында 8 лагерь жұмыс жа­сайды, онда 10 мыңнан астам бала демалады. Бұл үшін жер­гілікті бюджеттен 263 млн теңге қаржы бағытталды. Ал 275 мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерде 90 мыңнан астам бала демалатын болады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған от­басынан шыққан 30 мың ба­лаға сауықтыру демалысы, сая­хаттар ұсынылса, 49 мың бала басқа да демалыс түрлерімен қамтылады.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы орынбасарының ай­туынша, қазіргі уақытта қо­ғам­дағы ақпараттардың әртүрлі болуы және тез тарауы ба­лаларды жан-жақты қорғауды талап етеді. Бұл орайда бала құқығының сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ата-ананың мін­деттері, сонымен қатар, әкім­шілік жауаптылық бар.

Облыс бойынша еңбек са­ласындағы бақылау басқар­масының бөлім басшысы жазғы демалыс уақытында жас­өспірімдердің еңбек етуі­не байланысты бекітілген ере­желер мен заңдылықтарды тү­­сіндірді. Балалардың жас ерек­шеліктеріне сәйкес жұмыс жасайтын шекті уақыты, оларға рұқсат етілетін жұмыс түрлері бойынша бекітілген ережелер орындалмаған жағ­дайда жұмыс беруші заң ал­дында жауапкершілікке тар­тылатынын айтты.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<