Егін шаруашылығының мәселесі талқыланды

725

0

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен көктемгі дала жұмыстарының барысы мен егін шаруашылығының мәселелері талқыланды.


Жиынға ауылдық округ әкімдері ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әсет Омаров қысқаша хабарлама жасады. Сала басшысы өзінің баяндамасында аудан көлемінде шаруашылықтар тарапынан егілген егіс көлемі туралы көктемгі дала жұмыстарының қазіргі жағдайына талдау жасады. Сонымен бірге агроаймақтар бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып, қазіргі таңдағы су тапшылығының сезіліп отырғандығын жеткізді.


Жиынды жүргізген аудан әкімі Мұса Оспанұлы аудандағы суармалы жерлерді суару үшін су тапшылығына байланысты су беру кестесін жасап, қазіргі таңдағы нақты сараптауды көрсетуді тиісті сала басшыларынажүктеді.
Кездесуде сөз алған су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының «Қармақшысушар» мемлекеттік мекемесінің директоры Ерболат Бодыбаев қалыптасқан жағдайға байланысты тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.


Жаз мезгілінде жоғарыдан түсетін судың аз болуына байланысты Сырдария деңгейінің түсіп кетуіне әкеп соқтырып, салдарынан егіс алқаптарына баратын каналдарға су аз мөлшерде беріледі.


Жиында басшылық тарапынан қалыптасқан жағдайға осы кезеңнен бастап талдау жүргізіліп, күн тәртібінен түспей бақылауда болатындығы туралы айтылды.


Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<