Елбасы қауіпсіздігі қызметінің басшысы міндетін атқару кімге жүктелгені белгілі болды

530

0

Елбасы қауіпсіздігі қызметінің басшысы міндетін уақытша атқару кімге жүктелгені белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімдерімен: Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің басқарма бастығы Батырбек Бердібайұлы Байбосыновқа жүктелді», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<