Франция мен Испанияда орман өрті өршіп тұр

456

0

Франция мен Испанияның өрт сөндірушілері бүкіл Еуропаны қамтитын орман өрттерін ауыздықтауға тырысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Францияда орман өрті қазіргі кезде 11 мың га жерге жайылған, онымен 1200-ден астам өрт сөндіруші күресіп жатыр. Екі ірі ошақ елдің оңтүстік-батысындағы Бордоның оңтүстігіндегі қарағайлы ормандарда орналасқан.

Ондағы өрт алты күннен бері жалғасып жатыр. 14 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Париж бірнеше аймақ үшін максималды ықтимал «қызыл дабыл» жариялап, тұрғындарын аса қырағы болуға үндеді. Испанияда өрт сөндірушілер қарулы күштердің жедел топтарының қолдауымен елдегі ормандарды шарпыған 30-дан астам өртті сөндіруге тырысуда. Елдің Ұлттық қорғаныс министрлігі өрт сөндіру ұшақтарының көбі жердегі экипаждарға жету қиын болатын ойлы және таулы жерлерде жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Португалия, Грекия, Түркия, Хорватия және Ұлыбританияның кейбір бөліктерінде де орман өрті тіркелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<