Маңызды міндеттер межесі

885

0

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына өзінің кезекті жолдауын жолдады. Расымен де әлемдік экономикада жаңа жағдай қалыптасты. Әлемді алқымынан алған пандемия экономиканың барлық саласына әсерін тигізуде. Енді біздің елде, көштен қалмай жаңа қалыптасқан жағдайда нақты іс-қимыл жасауы тиіс. Осы іс-қимылдарды Президентіміз өзінің «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» жолдауында айқындап берді.


Мемлекет басшысы барлық саланының дамуын қайта қарап, мемлекеттік аппаратты жаңғыртуға мән беріп отыр. Экономиканың алдағы драйверлері шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту болмақ.

Жолдауда айқындалған басым бағыттар еліміздің жастары үшін өте маңызды. Себебі осы атқарылатын жұмыстар, жас ұрпақ үшін болмақ! Мемлекет басшысы ең алдымен жастар үшін маңызды білім мен ғылым мәселесіне тоқталып, қолжетімді әрі сапалы білімді қамтамасыз етуді жүктеді. Мұнымен қоса, Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды.


Президент жолдауынан бізге жаңа міндеттер туындайды. Қазір сөзден іске көшетін уақыт келді. Алдағы уақытта жолдаудың орындалуына бірлікпен әрбіріміз атсалысуымыз қажет депа есептеймін.
Мемлекет басшысы «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру» – деді.

Мұнымен қоса зияткер ұлт қалыптастырудың 6 қағидатын да жеткізді. Олар біріншіден, жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы терең білімді болуы, екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу, үшіншіден, кез-келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асыру, төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершіліктің баршамыздың бойымызда болуы, бесіншіден, әділдіктен айнымау. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты.

Әділеттілік – әсіресе, ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет, алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық екенін атап өтті. Зияткер ұрпақты тәрбиелеу әрбір отбасынан басталуы тиіс деп есептеймін.


Қазақ расымен де мың өліп, мың тірілген халық! Сондықтан біз бұл белестердіде бірге бағындырарымыз сөзсіз.

Талғат ТІЛЕС,

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<