Мемлекеттік бағдарламаның берері көп

586

0

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы Шиеліде жақсы жүруде. Бір ғана мысал, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан орталығындағы «Береке» шағын ауданында 25 тұрғын үй салынуда. Бір пәтері үш бөлмеден тұратын баспаналар мамыр айының соңында толық бітуі тиіс.

Бір жыл бұрын құрылысы басталған тұрғын үйлерді салушы бас мердігер  –  «СМП-Қызылорда» ЖШС. Жоба құны 440 млн теңгеден асады. Қазір 14 үй дайын, қалған 11 үйдің жұмыстары да бітуге таяу.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында аудандық тари­хи-өлкетану музейіне қо­сымша ғимарат қосу да биыл бітеді. Дәл осы бағдарламамен салынған Жиделіарықтағы ауыл клубының құрылысы да аяқ­талған. 177 млн теңгеден аса қаржы бөлінген мәдени орын жақын күндері пайдалануға беріл­мек. Ал, Н.Бекежанов ауылына газ тарту қарекеті былтыр жыл соңын­да басталған еді. Аудан орта­лығына жақын ауыл халқы «көгілдір отынның» қызығын тамыз айында көреді деген қуанышты хабар бар.

Әлі де құрылысы жүріп жат­қан Шиелі кентіндегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үй құрылысы желтоқсанға дейін бітуі тиіс. 710 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген баспаналар 2 және 3 бөлмеден тұрады.

Сондай-ақ Шиелі ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынып, пайдалануға берілген нысан жетерлік. Осы тәжірибе аясында кейінгі екі-үш жылда 11 ғимарат бой кө­тер­ген. Бұлардың қатарында дене шынықтыру-сауықтыру нысан­дары, дәрігерлік амбулатория, әлеу­меттік қызмет көрсету орта­лығы және инженерлік-комму­никациялық жұмыстардың құры­лысы да бар.

Ержан ҚОЖАСОВ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<