Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында жаңа басшы

596

0

Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы лауазымына Жаңабаев Ерлан Мақсотұлы тағайындалды.

Жаңабаев Ерлан Мақсотұлы1983 жылы туған. Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын «инженер-экономист», Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы басқару Академиясын «Мемлекеттік цифрлық басқару» мамандықтары бойынша бітірген.


Еңбек жолын 2006 жылы Атырау облысының әкімдігінде бас маман болып бастап, 2007-2011 жылдары Атырау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бірнеше бөлімдерді басқарып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011-2015 жылдары – Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімі болған.
2017-2018 жылдары Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары;


2018 жылдың маусым айынан Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<