Өңіріміз үшін тиімді ынтымақтастық

608

0

2021 жылғы 8 қыркүйекте «15» экологиялық ҮЕҰ клубы» жобасы аясында Қызылорда облысы әкімдігімен «Қызылорда  облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі арасында 2021 жылдың 1 қыркүйегінен - 2022 жылдың 15 сәуіріне дейінгі кезеңдегі әлеуметтік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, жоба тұсаукесері жасалып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық бағдарламалар,  Қазақстанда қолданыстағы экологиялық стандарттарды реттейтін нормалар бойынша мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлерінің біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау,  кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсеріне байланысты мәселелерді бірлесіп шешуге бағытталған жұмыс жоспары талқыланды.
               Аталған жоба «Қызылорда  облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігі «Еуразия» Қоры өкілдігінің қайтарымсыз көмек бағдарламасы аясында  «Орталық Азиядағы әлеуметтік  инновация» бағдарламасымен, АҚШ Халықаралық Даму Агенттігінің (USAID) қаржыландыруымен ұйымдастырылып отыр. Клубқа экологиялық бағытта жұмыс жасауда тәжірбиесі бар, сондай-ақ    әзірленген бастамалары мен жобалық ұсыныстары бар үкіметтік емес ұйымдар кірді. 
               Жобаның мақсаты - Қызылорда облысындағы экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру арқылы әлеуметтік диалогты ұйымдастыру. Жобаның негізгі көрсеткіштері: ҮЕҰ-ның мемлекеттік органдармен аймақтың экологиялық проблемаларын талқылау мен шешімдер қабылдауда тиімді өзара әрекеттестігіне қол жеткізу, өңірдегі экологиялық проблемалармен айналысатын негізгі мамандар, ұйымдар мен мекемелер туралы мәліметтер базасын құру. 
               Жоба аясында Меморандум және жүмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар тізіліміне енгізу үшін экологиялық жобаларды әзірлеу, ҮЕҰ жетекшілерінің арасынан «аудиторларды» оқыту және шағын және орта бизнестің экологиялық міндеттемелерді орындауына бақылау жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар 1000 мемлекеттік қызметшілер өкілдері  арасында Қазақстанда қолданылатын экологиялық стандарттарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер,  экологиялық бағдарламалар бойынша біліктілігі мен құзыреттілігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Аймақтағы экологиялық ҮЕҰ–дың танымалдығы мен маңыздылығын арттыру және “15” экологиялық ҮЕҰ-ның  бейресми клубын құру арқылы олардың жұмысына көмек көрсету көзделген. Сондай-ақ кітапхана құру, www.npokzo.kz веб -сайтында экологиялық парақ ашу арқылы жүйелі электронды хабарламалар жолдап отыру, аймақтық БАҚ -пен ынтымақтастық орнату арқылы 15 үкіметтік емес ұйымды тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету және олардың әлеуетін арттыру үшін аталған ресурстармен қамтамасыз ету, Қызылорда облысындағы 12 шағын және орта кәсіпкерліктің экологиялық міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу  қарастырылған. 




"СБ" ақпарат 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<