Әділет органдарының рөлі

778

0

Қазақстан Республикасының әділет органдары өз құзіреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Әділет органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2002 жылы 18 наурызда қабылданған заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.

Әділет органдарының міндеттерінің бірі – құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету арқылы халықтың құқықтық мәдениетін арттыру. Бұл – құқықтық мемлекет болып қалыптасудың алғышарты. Қазақстан мемлекеттілігінің дамуымен қатар,  әділет органдарының рөлі де өзгеріп, олардың қызметі жаңа мазмұнмен толығып, құрылым­дық функциясы да жаңа арнаға түсіп отырады. Бірақ та алдында тұрған міндеттер қалай өз­герсе де, әділет органдары қызметінің басты маз­мұны – заңдылық пен құқық қорғауды ны­ғайту, мемлекеттік мүддені қорғауды қам­та­ма­сыз ету, азаматтардың әлеуметтік-экономика­лық, саяси және жеке құқықтары мен бостан­дықтарын қорғау, заң бұзушылықты болдырмау болып қала береді.

Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – әділет органдарының басты міндеті болып табылады, ал сапалы мемлекеттік қызмет көрсету азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды көрінісі.

Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасымен жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 460-бабына сәйкес 11 әкімшілік іс қозғалды. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласы бойынша 53 бұйрық қабылданып, қатынас арқылы 51 өзгерістер мен толықтыру тіркелді.

Басқарманың құқықтық насихат жұмыстары бойынша семинар, дөңгелек үстел, лекция, «AQMESHIT-ADALDYQ AIANY» жобалық кеңсесінің аясында заңгерлік көмек көрсету, онлайн семинар, онлайн кездесу, әлеуметтік желілер арқылы түсіндірмелер жүргізіліп, тікелей эфирлер арқылы халықтың сұрақтарына жауаптар берілуде.  Насихат жұмыстары әрі қарай да жалғасын табатын болады.

                                                       С.Ибраев,

                                                       Жаңақорған ауданаралық әділет

                                                       басқармасының  басшысы,

                                                       заңгерлер одағының мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<