Әлеуметтік саланы қолдау артып келеді

616

0

Өңірлік коммуникациялар орталығында облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың қатысуымен брифинг өтті. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа  Жолдауындағы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған шаралар туралы баяндалды.

Жолдауда білім саласы бойынша бірқатар басым ба­ғыттар айқындалды. Өткені­мізден сабақ ала отырып, бар­лық функциялары бар бі­рыңғай онлайн білім бе­ру платформасын шұғыл әзір­­леу міндеті қойылды. Екін­­шіден, санитарлық та­лап­­тарды сақ­тай отырып, білім беру­дің қалып­тасқан дәстүрлі әдісіне қайта оралу мүмкіндіктерін әзірлеуді тапсырды. Үшіншіден,  мұға­лімдердің жалақысын өсіруді жалғастырып, келесі жылы тағы 25 процентке көтеруді, төр­тіншіден, 1-6 жас аралы­ғындағы бүлдіршіндерді 100 процент бала-бақшамен қамтуды жүктеді. Сонымен қатар, Мем­лекет басшысы  мектеп жа­сындағы  балалардың қа­уіп­сіздігі мен құқықтарын қор­ғау мәселесіне ерекше на­зар ау­дару қажеттілігін атап өтті.

 – Аталған мәселелер са­ла қызметкерлерінің көңі­лінен шығып отыр. Жолдау жүктеген мін­деттерді басшы­лыққа ала оты­рып, жұмыс жүргізіледі, – деді Н.Бай­қадамов.

Сол сияқты, денсаулық саласына бағытталған жұ­мыс­тар жөнінде баяндаған облыс әкімінің орынбасары, Жолдауда ең бір өзекті мә­селе – медициналық инфра­құрылымды дамытуға арнайы тапсырмалар  берілгенін атап өтті. Оның ішінде денсаулық сақтау ісінің тиімді моделін құру арқылы үш жылда барлық елді мекенде фельдшерлік-акушерлік бекеттермен, амбу­латориялармен қамтамасыз ету қолға алынғаны өте маңызды мәселе екеніне тоқталды.

– Дәрігерлердің жалақы­сы 2023 жылға қарай эконо­микадағы орташа жал­ақыдан екі есе – маман­дардың ынтасы мен жауап­кершілігін күшейтіп, сала жұ­мысына серпін берері сөз­сіз. Сонымен қатар, осы меке­мелерді кадрлармен қамта­масыз етуге ұзақ мерзімді бол­жамды жоспар жасалды.

Жолдауда жастарды ең­бекке тартып, олардың бо­йында өз өмірін өзі қалып­тас­тыруға бағыттау тақырыбы қоз­ғалды. Бұл – уақыт тала­бына сай туындап отырған жа­ңаша бағыт. Сондықтан бұл жұмыстарға ба­рынша көңіл бөлуіміз қажет, – деді Наурызбай Байқадамов.

Брифинг соңында БАҚ өкіл­дерінің сауалдарына жа­уап берді.   

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<