Балық – байлық

967

0

Баршамызға белгілі, 2021 жылы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы өз алдына бөлек комитет болып құрылған болатын.  Балық шаруашылығының қарқынды дамуы үшін, облысаралық   инспекциялар да құрылды. 

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлеп, құзырлы органдармен іс-шаралар бекіткен болатын. Қазіргі уақытта қыс мезгілінде мұз қату іс-шарасы жүйелі түрде жүргізілуде. Табиғат байлығымызды сақтап қалу мақсатында,  профилактикалық түсіндірме жұмыстары және балықтардың тұншығып өлу қаупін алдын алу және мұз үстінде балық аулау кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына хабарламалар жарияланды.

Сонымен қатар,  облыстағы    барлық табиғат пайдаланушылар мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына балықтардың тұншығып өлу қаупінің алдын алу  және мұз үстінде балық аулау кезінде техникалық қауіпсіздікті сақтау жөнінде ескерту хаттары жолданып, жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік инспекторлардың бақылауымен су айдындарында табиғат пайдаланушылардың күшімен ойықтар ойылып ауа өткізу мақсатында қамыс баулары салынды.

2021-2023 жылдар аралығындағы қыс мезгілінде балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінде балықтардың жаппай қырылу қатеріне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар алгоритмі бекітілді.

Алгоритм бойынша балықтардың қырылу фактілерін болжау және алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Балықтардың қорын сақтап қалу мақсатында, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандарының бақылауымен жылдың салқын мезгілдерінде жануарлар дүниесін пайдаланушыларымен су айдындарында және (немесе) учаскелерінде ойықтар ойылып, майндар жасалып, ауа өткізу үшін қамыс баулары салынады. Аталған жұмыстарды жүргізумен оттегінің су қабатына еркін енуіне және су құрамындағы қажетті оттегі көлемін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Атап айтсақ, 2021-2022 жылдың қыс айларында жануарлар дүниесін пайдаланушыларының күшімен, өздеріне бекітіліп берілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде 2027 дана ойықтар ойылды, 492 дана майндар жасалды,   1285 дана қамыс баулары салынды.

Судағы балық – табиғаттың бізге берген байлығы. Балық қорын сақтап, молайту баршамыздың ұрпақ алдындағы парызымыз.

                                  Арал-Сырдария облысаралық бассейндік

балық шаруашылығы инспекциясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<