Қала күніне орай марафон өткізіледі

673

0

9 қазанда Қала күніне орай «Салауатты Qyzylorda» марафоны өтеді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге 2 санат бойынша қаржылай сыйақы табысталады. І орын үшін 100 мың теңге, ІІ орын үшін 75 мың, ІІІ орын үшін 50 мың теңге қарастырылған.

«Сыр-Ана» монументінен «Теміржолшылар» саябағына дейінгі аралықты қамтитын марафонға тіркелу 9 қазан күні сағат 07:00-де «Сыр-Ана» монументі аумағында жүргізілмек.

Жарысқа қатысуға 18 жастан асқан әрбір тұрғынның мүмкіндігі бар. Жүгіру қашықтығы – 10 шақырым.

М.СНАДИН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<