Тарихи шешімнің жемісі

756

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Елбасы және Сыр елі» атты мақаласы тәуелсіздік жылдарынан бергі кезеңді қамтитын, сол сындарлы сәтте билікті қолға алған Нұрсұлтан Әбішұлының бүгінге дейін атқарған дәйекті саясатын кең көлемде талдауға құрылыпты.

Тұңғыш Президент Сыр бойына бірнеше мәрте келді. Біз оның талай рет куәсі болдық. Ол кісінің, әсіресе, тартылған теңіздің зардабын жеңілдетуге байланысты халықаралық деңгейде қабылдаған шешімдерінің құндылығына тарихи өлшеммен алғанда баға жетпейді.

Экология зардабы салдарынан халықтың денсаулығы төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі өсті. Осыған байланысты әлеуметтік қолдаудың пәрменін күшейтіп, халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған шешімдердің игілігін ел бүгінге дейін көріп отыр.

Облыс әкімі Елбасының тарихи шешімдерінің өмірдегі нақты жүзеге асуын дәйекті мысалдармен келтіреді. Халықтың денсаулығы жақсарумен бірге экономиканың экспорттық потенциалы артты. Сырда балық өндірісі жақсы дамыды. Мал басы өсті. Осының барлығы – Тұңғыш Президенттің өз мезгілінде қабылдаған шешімдерінің жемісі.

Тұрғанбай МАХАНОВ,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, денсаулық саласының ардагері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<