Оқушыларға жазғы демалыста 42 500 теңге төленеді

919

0

Батыс Қазақстан облысында жасы 14-тен асқан оқушылар жазғы демалыста айына 42 500 теңгеден ақша таба алады.

Бұл бастама «Менің аулам – менің бақшам» жобасы аясында іске асырылмақ. Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы 12 ауданының мектептері осы идеяға қолдау білдірген. Оқушылар ата-анасы келісім берген жағдайда жаз бойы бау-бақшада еңбектенеді, деп хабарлайды «Еуразия» арнасы.

«Жобаға қаланың жеті мектебі қатысады. Оқушыларға үш ай демалысты тиімді және пайдалы өткізуге мүмкіндік бергіміз келеді. Орал қаласының жұмыспен қамту орталығы 120 оқушыға 42 500 теңге төлейді», – деді қалалық білім бөлімінің қызметкері Тұрсын Теміршеева.

Спутник.кз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<