Қазалылық қос соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

667

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің отбасыларына барып, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады.

Алдымен Әйтеке би кентінде тұратын 97 жастағы Тілеуберген Тобабергеновтің отбасына барған аудан басшысы ақсақалға «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін табыстап, сый-құрмет көрсетті.

Тілеуберген Тобабергенов Жеңісті Берлин қаласында қарсы алған. 1948 жылы елге оралғаннан зейнет жасына дейін темір жол саласында абыройлы еңбек еткен. Қазір немере-шөберелерінің қызығын көріп, бақытты өмір сүруде.

Мұнан соң Мұхтар Оразбаев Бекарыстан би ауылындағы Қабақ Смағұлдың отбасымен қауышып, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.

Қос ардагерді аудандық мәслихат хатшысы хатшысы Бақытжан Жарылқап пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов та құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Құрметке бөленген соғыс ардагерлері өңір басшыларына оларға бөлген көңіл мен жалпы өткізіп отырған саясатына ризашылықтарын білдірді. Бейбітшілік, достық, өзара түсіністік – халқымыздың негізгі құндылықтары екенін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<