Қытайда тау жынысы опырылып, тоғыз адам қайтыс болды

455

0

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында тау жынысының опырылуы салдарынан тоғыз адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 11:15 шамасында Байин қаласындағы Цзинтай уезінде болған.

Апат салдарынан 17 адам үйінді астында қалды, оның 9-ы қаза тапты, 7-уі жарақат алды, 1 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Ганьсу провинциясы Тибет үстірті, Моңғолия және Сычуань провинциясы арасында орналасқан. Провинция арқылы Хуанхэ өзені ағып өтеді. Ганьсу – Қытайдағы жер сілкінісі ең қауіпті аймақтардың бірі.

 1920 жылы 16 желтоқсанда мұнда жер сілкінісі болып, салдарынан 200 мыңға жуық адам қаза тапты.

2010 жылы Ганьсуда көшкін болып, адам шығыны болған. Бұған дейін Қырғызстанда мұздықтың опырылғаны хабарланған болатын. Оқиға салдарынан екі адам жеңіл жарақат алды, қаза тапқандар жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<