Қызылорда: «Ескі базар» аумағынан өрт шықты

1527

0

Бүгін Қызылорда қаласындағы «ескі базар» аумағынан өрт шықты. Әлеуметтік желіде тарап жатқан бейнежазбаларда тілсіз жаудың сағат 14:00 шамасында шарпығаны айтылуда.

Оқиғаның неден орын алғаны және өрттің ауыздықталуына қатысты Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы «Д. Қонаев көшесі №4, «Талғат» базарының аумағында ауданы 60 шаршы метр қоқыс жанды. «112» пультіне оқиға жөнінде хабар түсті. Жану жағдайы жергілікті уақыт 14 -тен 56 минут өткенде толық өшірілді. Жану жағдайын сөндіру жұмысына 23 маман, 6 техника қатыстырылды» деп жауап берді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<