Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина шықты

246

0

Сурет: pixabay

Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина тіркеліп, айналымға шығарылды. Препарат індеттің жаңа штамдарына қарсы иммунитет қалыптастыра алады дейді мамандар.

Жаңа вакцина соңғы штамдарға қарсы бірнеше жылға дейін адам ағзасында иммунитет сақтайды. Оны «Спутник-V» екпесін жасап шығарған Гамалея атындағы институт қызметкерлері әзірледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Өйткені қазіргі қолданыстағы вакциналар ескі штамдарға қарсы бейімделген. Алдағы уақытта елде вакцинациялау жұмыстары қайтадан қолға алынбақ.

Әрине жаппай вакцинациялау талап етілмейді. Бірақ бірінші кезекте балалар иммунитеті төмен адамдар, созылмалы ауруы барлар екпе қабылдауы тиіс.Геннадий Онищенко, дәрігер-инфекционист

Соңғы бір аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 5 пайызға артып, науқас саны 10 мың адамға жұқытады. 44 өңірде инфекция өршіген. Сондықтан енді кей өңірлерде қайтадан карантиндік шаралар қолға алынды. Яғни қоғамдық орындарда, адам көп жиналатын шараларда маска тағу міндетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<