Септігі мол семинар

682

0

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранттық жобасы аясында облыстық, аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған онлайн форматтағы оқыту семинары өткізілді.

Мақсаты – халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді енгізу.

Онлайн курста Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры Кәкімжан Бишманов,теолог-исламтанушы «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин және ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Мұрат Әбзелбаев дәріс оқыды.

Курс соңында дәріскерлер қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қатысушылар арасында Pre-Post сауалнамасы жүргізілді.

Сондай-ақ, оқыту семинарының қорытындысында курс қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды.

Е. Есов,

облыстық ішкі саясат басқармасы

Дін істері бөлімінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<