Шиеліде 40 балаға жылы кеудеше сыйланды

737

0

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қоры, Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Шиелі аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Жылулық сыйла» акциясы өтті.Аудан орталығында өткен игі шараға «Зекет» қорының облыстағы өкілі О.Жидебаев пен Шиелі ауданының Бас имамы Б.Ұлжаев арнайы қатысып, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған көпбалалы отбасылардың қыз балаларына жылы кеудешелерді (куртка) өз қолдарымен табыстады.40 бала қамтылған қайырымдылық шарасы шиелілік кәсіпкерлердің демеушілігімен жүзеге асырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<