ҮЕҰ: алдағы міндеттер талқыланды

889

0

Кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Ахметтің төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жґне ынтымақтастық жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары алдымен кеңес құрамында бірқатар өзгеріс­тер болғанын жеткізді.

Кеңес құрамына Қы­зыл­орда «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төр­ағасы Сәбит Әбіш, «Кіші кәсіпкер әйелдер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сал­танат Сыздықова қо­сылған. Ал, «Батыр ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлсара Әбді­халы­қова, «Өркениетті Қа­­зақстан» қоғамдық бірлес­ті­гінің төрағасы Жақып Шай­мұ­хан­бетұлы өз өті­ніш­­тері негі­зінде кеңес құра­мынан шығарылған.

Кеңес отырысында үш мәселе қаралып, алдымен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова өңірде ҮЕҰ-мен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаларға жүргізілген мониторинг жұмыстарына тоқ­талды.

– Үкіметтік емес ұйымдар – ел қуатын арттырып, мемлекеттің тұрақтылығын күшейтетін ма­ңызды қо­ғамдық институт. Бүгінгі күні облыс көлемінде 996 ҮЕҰ тіркелген. Оның 454-і өңірдің рухани, мәдени, қоғамдық өміріне белсене араласып өз үлестерін қосып келеді. Жылдан жылға мемлекеттік тапсырыс арқылы азаматтық қоғам құрылымдарына қар­жылай қолдау көрсету көлемі де ұлғайып, ҮЕҰ-ның сан-салалы бағытта жұмыс істеуіне мүмкіндіктер жасалуда, – деді басқарма басшысы.

Облыс әкімінің орынбасары азаматтық қоғам дең­гейі мемлекеттің деңгейін көрсететін, ҮЕҰ биліктің қоғаммен алтын көпірі екенін баса айтты. Сондықтан басты талап жобалардың сапасы екенін, ал сапа болуы үшін сараптамалық топтардың жұ­мысын жандандыру кере­гін жеткізді.

Жиында «Қызылорда об­лы­сының Үкіметтік емес ұйым­дарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің жұмысы және алдағы міндеттер туралы Ассоциация жетекшісі Анар Ізден хабарлама жасап, қала, аудандарда Альянстың жұмысын нәтижелі жүргізу үшін өкілдерін тағайындау мәселесі қаралып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласы және Арал ауданы әкімдіктерінің ҰЕҰ-мен өзара іс-қимылы туралы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов және Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов хабарлама жасады.

Кеңес отырысында пандемиядан кейінгі экономиканы қайта қалпына келтіруде азаматтық қоғам институттары мен жергілікті биліктің бірлесіп атқаратын нақты жұмыстары және қалалық, аудандық ресурстық орталықтар арқылы ауылдық жерде жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдарды қолдау жұмыстары пысық­талды.

Кеңес қорытындысымен жауапты мемлекеттік мекемелерге әлеуметтік жо­ба­ларды ең алдымен Мем­лекет басшысының «Сын­дарлы қоғамдық диалог – Қа­зақ­стан­ның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген өзекті мәсе­лелерді шешуге бағыттау тапсырылды.

Айдана ЖҰМАДИНОВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<