Үй тонаған ұры қолға түсті

712

0

Облыстық полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері​ бірнеше пәтер ұрлығын жасаған​ облыс тұрғынын қолға түсірді.

Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластикалық терезелер арқылы үй-жайларға кіріп отырған. Сөйтіп, құнды заттарды, оның ішінде зергерлік бұйымдар мен ұялы телефондарды қолды қылған.​Тергеу барысында ұсталған азаматтың үш пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Үй иелеріне 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Мәселен, үй иелерінің ұйықтап жатқанын пайдаланған пәтер ұрысы үйге терезе арқылы кіріп,​ бірден үш ұялы телефонды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. ​Кейіннен келесі үйге кіріп, алтын бұйымдарды ұрласа, аудан тұрғынының үйіне түнгі уақытта терезе арқылы кіріп, неке жүзігін қолды еткен. Ұры барынша із қалдырмауға тырысқан. Алайда тәртіп сақшылары көп ұзатпай облыстың 27 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

Қазіргі таңда күдікті Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. ​Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі уақытта барлық деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдікті азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. ​ ​ ​

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<