Үйірменің үйретері аз емес

658

0

Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы – өңірдегі мектептен тыс жұмыстардың нұсқаушысы-әдістемелік мекемесі. Қазір орталықта 5-16 жас аралығындағы оқушыларға арналған үйірмелер жұмыс істейді. «Білім негізі – бастауышта» болғандықтан, мектепке даярлау тобының қазақ, орыс тобы да өз қызметтерін ұсынуда.

Мұның бәрі тәжірибелі мамандардың көмегімен атқарылады. Орталықтың бағдар­ламасы – еліміздегі білім беру жүйесі бағ­дарламасының бір бөлігі. Бала қабілетінің еркін дамуы, шығармашылық мүмкіндігінің оянып, кең қанат жаюы басты назарда. Бейіндік оқыту бөлімінің «Ағылшын» үйір­ме жетекшісі Сая Сәрсенбай, «Орыс тілі» үйірме жетекшісі Анар Тукубаева оқушы­ларымен олимпиадаларға қатысып, мара­паттар иеленді. Жеткіншектер даталы оқиға­ларға байланысты шараларға қа­тысып отырады. «Тарих. Өл­кетану» үйірме жетекшісі Айгүл Садықова өлкеміздің тарихи-мәдени орындарына экс­курсия сабақтарын ұйымдастырады.

Музейден өз елінің тарихымен, мәдение­тімен танысқан ұрпақтың бойында ұлттық рухтың оты жалындайды. Сонымен бірге №12 қалалық кітапхана ұжымымен де бір­лескен жобалар бар. «Сovorking» клубында Тәуел­сіздіктің 30 жылдығына, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында мәдени-көпшілік шаралар өткізілуде. Оқушылармен жүргізілген жан-жақты жұмыстар кәсіби даярлау ісінде өз жемісін береді деп ойлаймыз.

Айнұр МАХАМБЕТОВА,

қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының педагог-ұйымдастырушысы.

Қызылорда қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<