Ұлттық сыйлық жеңімпазы туған жерінде

585

0

Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков Қазақстанның баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» Ұлттық сыйлығының жеңімпазы Нұрсұлтан Мықтыбайды қабылдап, жерлестерінің ыстық ықыласын жеткізді.

– Бүгін кіндік қаныңыз тамған туған жеріңіздің құрметіне бөленіп отырсыз. Қармақшылық жерлестеріңіз өзіңізді мақтаныш тұтады. Оқушы кезіңізден жеткен же­тістіктеріңіз бір төбе. Ау­дан­ның атын талай бай­қауларда шығардыңыз. Күні кеше ғана Ұлттық байқауда Сыр бойының абыройын асқақтатып жеңімпаз атан­дыңыз. Оның үстіне, журналистика саласындағы маңызы зор бұл сыйлықты жеке журналист ретінде өңірлер арасынан тұңғыш болып өзіңіз еншілеп отырсыз. Бұл – біздің аудан үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта да Сыр елінің өсіп-өркендеуі жолында үлес қоса береді деген сенімдемін. Өзіңізге мықты денсаулық, зор шығармашылық табыс тілеймін, – деді аудан әкімі Мұса Оспанұлы.

Кездесу соңында аудан басшысы Нұрсұлтан Ертуған­ұлына арнайы алғыс хат табыс­тап, сый-сияпат көрсетті. Өз кезегінде жеңімпаз журналист жерлестерінің сый-құрметіне ризашылығын білдірді.

Нұрсұлтан – Жосалы кен­тін­дегі Ү.Томанов атын­дағы №183 орта мектептің түлегі. Аудан әкімінің қабылдауынан соң ол өзі түлеп ұшқан білім ордасына арнайы барып, тәлім берген ұстаздарына алғысын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<