Жаңа мүмкіндіктер кезеңі

863

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты  Жолдауын жариялады.

Биылғы Жолдау – страте­гиялық маңыздылығымен қазіргі сындарлы кезеңде нақты міндеттер мен өзекті мәсе­лелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ еліміздің басына түскен пандемия кезеңінде орын алған қиыншылықтарға қарамастан, Қазақстанның одан әрі дамуын қамтамасыз ете отырып, кезек күттірмейтін мәселелерді айқындап берді.

Әлемдегі дамыған елдер саналатын мемлекеттердің өзінің экономикасын шайқалтқан бұл дағдарыс, біздің еліміздің экономикалық дамуында да көптеген қиындықтар алып келіп отыр. Шекаралардың жабылуына байланысты мемлекеттер арасындағы тауар айналымының тоқтауына, бюджет құраушы негізгі қаржы көздерінің бірі саналатын орта және шағын кәсіпкерлік саласындағы қиындықтарға қарамастан, мемлекеттік қолдау арқылы халықтың әлеуметтік әл-ауқатын одан әрі жақсарту туралы Жолдауда басым бағыттарды көрсеткен.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы бірнеше саладағы атқа­рылатын реформаларды атап өтті.

Мемлекеттік қызметті жүзе­ге асыруда біршама рефор­ма­лар жүргізілгенімен, қоғам­ның, жұртшылықтың осы салаға деген сындарлы көзқарасы мен талабы күннен күнге артып келеді.

Сондықтан мемлекеттік қызмет­керлер санын азайтып, соның есебінен олар­дың жалақысын көтеріп, мем­ле­кеттік қызмет сапасын арттыру белгіленген.

Жоғарыда атап өткендей, пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске субсидия берілуі, оған бюджеттен қомақты қаржы (200 млрд теңге) бөлінуі, осы саладағы азаматтарымыздың еңсесін көтеретіні даусыз, оған Жолдау жарияланған сәттен айтылып жатқан пікірлер дәлел болуда.

Неше жылдан бері халықтың көкейінде жүрген Жер мәсе­лесіне нүкте қойылды, жеріміз шетелдіктерге сатылмайтын болды.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін оңтайландыру, ондағы жұмыс жасайтын қызметкерлерді 50%-ға дейін қысқартып,  шағын және орта бизнестің үлесін 35%-ға дейін көтеру, сол арқылы осы саладағы жұмыскерлердің  үлесін 4 млн-ға дейін арттыру бүгінгі қалыптасқан қиын­дықтан шығудың негізгі жол­дарының бірі болып белгіленіп отыр.

Алдағы үш жылда мұғалім­дер мен дәрігерлердің жалақы­сын өсіру арқылы осы сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын көтеру, стратегиялық маңызды шешім деп қабыл­даймыз, себебі халықтың білімі мен денсаулығы қашанда ұлтымыздың болашағының кемел кепілі.

Бүгінде елімізде кеңінен жүр­гізіліп келе жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту, елі­міз­дің тірегі болып саналатын, ауылдың гүлденуі, елдің гүл­денуі екені баршамызға мәлім.

Сонымен қатар Прези­ден­тіміздің бірқатар стратегиялық мәселелерді қоғамның талқы­лауына шығаруы өте маңызды.

Оның ішінде әкімдерді сайлау, петиция құру, жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау және шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың көптеп қатысуын қамтамасыз ету мәселелері бар.

Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­дамасының әрі қарай жүзеге асырыла беретінін білдіреді.

Осындай нақты бастамаларды ескеріп, Президент Жолдауы – жан-жақты пысықталған, Қазақстанның дағдарыстан кейінгі даму бағытын және ұлттық басымдықтарды анықтап берген құжат.

Алдағы уақытта мемлекет бас­шысының барлық бастамасын іске асыру үшін тиісті заң­дар қабылданатыны айтылды.

Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткен тағы бір маңызды мәселе отандық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік–конструкторлық жұмыстарын қаржыландыруға байланыс­ты. Жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе – ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты.

Бүгінгі күні тапқан табыстың 1(бір) пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптары сақталмай отыр. Көп жағдайда бұл қаражат компаниялардың ішінде бөлініске түсіп келеді.

Сондықтан Мемлекет басшысының Үкіметке осы қаражатты жинақтау ісін орталықтандыруды және оның бюджет арқылы жалпыұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамтамасыз етуді тапсыруы отандық ғылымды дамытуға жасалған мемлекет тарапынан зор қамқорлық болып табылады.

Сондай-ақ, Жолдауда соңғы кездері қоғамда қызу талқы­ла­нып жүрген эколо­гиялық білім және жануарларды қорғау мәселесі де назардан тыс қалмаған.

Мемлекет басшысы, Қазақ­станда табиғи және техно­гендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, апаттан зардап шеккен халықты эвакуациялау, оған шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт секілді тілсіз жаумен күресу, адамдарды құтқару секілді қиындығы ғаламат, мәселелерді шешетін Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды тапсырды.

Биылғы Жолдаудың маз­мұнын саралай отырып, бұл ұрандатып, жеткен жетіс­тігімізбен мақтанатын уақыттың өткенін, сондықтан, қолда барды ұқсатып, қиындықтан қиналмай шығудың негізгі бағыт-бағдарын айқындап берген тарихи маңызы ерекше құжат екенін түсінеміз.

Мемлекет басшысының елі­мізді сындарлы кезеңнен алып шығу жолындағы ұсын­ған Жолдауын жүзеге асыру, баршамыздың жауапкер­ші­лігімізді арттырып, баянды белестерге бастайтынына сенеміз.

Қылышбай БИСЕНОВ,

облыстық мәслихат

 хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<