Жаңа жабдықтар – жоба жемісі

403

0

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжіне «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау» мамандығы бо­йынша жаңа жабдықтар әкелінді. Сондай жабдықтардың бірі – микроскоп.

Микроскоп минерало­гия­да, ғы­лым мен техниканың басқа сала­ларында қол­да­ны­лады. Одан басқа «Бет картасын құру және талдау», «Жер қыртысында көмір­сутек­тер­дің көші-қо­ны», «Каротаж мате­­риал­­­дарын қолдана отырып ұңғымалар қималарын тұрғызу», «Ұңғы­­маларды стра­­ти­графиялық тал­дау және кор­реля­циялау» виртуалды оқу  кешендері алынды. Кешендер мұнай кен орны­ның өнімді қабатының ұңғымаларын орналастыруға, схемалардың әр­түрлі нұс­қаларын жасауға, изо­пахит және контур карталарын құруға, көмірсутектердің жер қыртысында қоныс аудару, ұңғымалардың страти­графиялық анализін және корреляциясын зерттеу процесін көрнекі түрде көрсетуге мүм­кіндік береді.

Бағдарламаға бақылау сы­нақтары мен зертханалық жұмыс­тар кіреді, сонымен қатар тестілеу нәтижелері туралы есептер шы­ғаратын, пайдаланушының ақ­паратын сақтауды қамтамасыз ететін жүйені қамтиды. Осы жаб­дық­тарды меңгергеннен кейін біздің түлектеріміз пайдалы қаз­балар іздеудің геологиялық-гео­физикалық материалдарды қо­рыту әрі талдаудың ғылыми түрде негізделген бағыттары бойынша еліміздің дамуына елеулі үлес қосады.

«Жас маман» жобасы негі­зінде теориялық және прак­тикалық сабақтарда жаңа  зерт­ханалық жабдықтарды қолдану арқылы білікті маман даярлауды мақсат етіп отырмыз.

Ш.Қосымова,

И.Сәдуақасова,

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық

жоғары колледжінің оқытушылары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<