Жаңақорғанда газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды

468

0

 Жаңақорған ауданына қарасты Қожакент елді мекенінде газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды.

Оқиға 1 маусымда кешкі сағат 20.30 шамасында болған. Үй алдындағы уақытша баспананың кіреберіс бөлмесінде 27 литрлік газ баллоны жарылған.

«Оқиға барысында үйдің иесі 55 жастағы әйел адамның денесінің 80 пайызын, алты жасар қыз баланың денесінің 50 пайызын күйік шалған. Олар Жаңақорған аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Әділжан Үмбет

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<