Жаңашылдық жаршысы

378

0

Партияның ең бел­сенді және сенімді мү­шелерін анықтау мақ­сатында жүргізі­ле­тін алдағы партия­ішілік іріктеу 2020 жыл­дың 17 тамызында бас­та­лып, 3 қазанында аяқ­талады.

Партия басшылы­ғы­­ның жоспары бо­йын­ша праймериз нә­ти­жесінде кім көп дауыс алады, сол аудандық, об­лыс­тық мәслихат пен Мә­жі­­ліске депутат атану құ­қы­ғын иеленбек. Прай­мериз жүргізу – сонымен қа­тар тың­­дау құқығына ие жаңа тұл­­ғаларды, жаңа идея­лар мен ұсыныстарды ашуға мүм­кіндік беретін жа­ңа­лық­тар­дың бірі. Ережеге сәй­кес үміткерлер арасында көп­шілік пікірталасқа көп көңіл бөлінеді. Мұндай ашық пі­кірталас, бәсекелестік кезінде партия қатарын шын мәнінде патриот, отаншыл, халықтың арасынан шыққан азамат­тармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өмі­ріне жаңа серпін беретін тың көзқарасты жастардың, саясаткерлердің пайда бо­луына толық мүмкіндік ту­ғызбақ. Ал, толықтай алсақ, өзгермелі ахуал жағдайында жаңа саяси мәдениеттің пі­шіндері мен іргетасының қа­лып­тасуына септігін ти­гізбек. Қарапайым тілмен айтқанда, партияішілік праймериз – халық ара­сынан көзі ашық, көкірегі ояу, ұлттық мүд­дені, елдің қамын ойлаған аза­мат­тарды іріктеудің тиімді тәсілі.

Сондықтан, сайланатын азаматтар осы қағи­даларды ескере отырып, болашақта бел­сенділік көрсетеді деп сенемін.

Дәулет ОМАРОВ,

«Nur Otan» партиясы «Дарын» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Қорқыт ата атындағы ҚМУ Гуманитарлық-педагогикалық институты директорының орынбасары

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<