Жылу маусымына дайындық пысықталуда

440

0

Алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары әлі де пысықталуда. Бүгінде 1064 әлеуметтік нысан мен 708 қазандықтың 99 пайызына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Яғни 811 тұрғын үйдің 796-ы, 529 білім беру нысаны, 288 мәдениет нысаны мен 247 денсаулық сақтау ғимараты және қазандықтардың 694-і жылу маусымына дайын.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Жоламанов мәлімдеді. Сонымен қатар, «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорны бойынша 17 дана автономды-блокты модульдік қазандықтарына жөндеу жүргізілген. 4,3 шақырым кварталішілік жылу желілеріне жөндеу жалғасып, қазір 99 пайыз жұмыстары аяқталған.

Кәсіпорын резервуарларындағы мазуттың авариялық қоры 4,6 мың тонна. Ал «Қызылорда Су жүйесі» МКК бойынша 1,5 шақырым ауыз су және кәріз жүйелеріне, ауыз су қысымын көтеру станциясының 4 дана насос жабдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары 100 % орындалды. «Жылу беру кезеңіне облыстағы әлеуметтік нысандарға қажетті 33 мың тонна көмір жеткізуші мекемелермен келісім шарт жасалып, 26 мың тоннасы темір жол және жүк көлігі арқылы жеткізілді.

Сонымен бірге, 25 мың тонна дизель отынының 23 мың тоннасы жинақталды. Ал тұрғындарға жоспар бойынша 140 мың тонна көмір отыны қажет болса, қазір оның 70 мың тоннасы (50 пайыз) жеткізілді. Оның ішінде 7-10 күнде жеткізілетін жолдағы көмір көлемін қоса есептегенде темір жол арқылы 54 мың тонна, жүк көлігімен 16 мың тонна тасымалданды. Дегенмен, өңірде ауа-райының әлі күнге дейін ыстық болуы және отынның ашық қоймаларда сақталуы көмірдің сапасына әсер етуі салдарынан тұрғындар тарапынан көмірге деген сұраныс әзірше төмен», – деді Ерлан Ералыұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<