2019 жылы не болады: Ванганың болжамдары

123

0

Ұлыбританияның Еурокеңестен шығуын, ИГИЛ-дің өсуін және 9/11- ді болжаған танымал болгариялық соқыр көріпкел Ванга осыдан жиырма екі жыл бұрын қайтыс болған. Ол 2019 жылы не болатынын айтып кеткен еді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ванганың сөзінше, екі ірі мемлекеттің көшбасшылары осы жылы қиыншылыққа тап болады. Ресей президенті Владимир Путиннің өміріне күзетінің тобынан біреу шабуыл жасайды. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп белгісіз бір аурудың салдарынан есту қабілетінен айырылады.

Сонымен қатар, Ванганың болжауы бойынша, үлкен жер сілкіністері, цунамилер Азияның көп бөлігін жер бетінен шайып тастайды. Еуропа экономикадағы қиындықтардан күйзеледі.

1996 жылы 85 жасында қайтыс болған Ванга “Балкандықтардың Нострадамусы” ретінде де танымал. Ол 12 жасында дауылдың кезінде түсініксіз жағдайларда көру қабілетінен айырылған.

Ванганы отбасы апаттан бірнеше күн өткеннен кейін тауып алған. Оның көздерін кір қаптап кеткен еді.

Кейін ол алғашқы көріпкелдік қабілетін басынан өткерді. Сөйтіп өзіне болашақты болжап, өзгелерді емдеу қабілеті берілгеніне сенді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз